ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚАТАРЫ АРТА ТҮСЕДІ
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сала бойынша осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Биыл басқармаға Ұлттық қор, республикалық, облыстық бюджеттерден 23,3 млрд.теңге қаржы бөлінген.
Қазір басқарма арқылы 55 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 23-і былтырғы жылдан өтпелі нысан болса, қалғаны биылдан бастап салына бастағандар. Басқармада мамандарының мәліметінше жыл соңына дейін 27 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қалған нысан келер жылы қолданысқа беріледі.