ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы тағайындалды.
Б. Ідірісов 1971 жылы туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Биология және химия пәнінің мұғалімі», сондай-ақ «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Қармақшы аудандық жас табиғатшылар станциясының үйірме жетекшісі ретінде бастаған ол 1994-2004 жылдары білім беру саласында және ішкі саясат басқармасында жауапты қызметтер атқарған.
2004-2012 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, кадр жұмысы, әлеуметтік-саяси бөлімдерінің меңгерушісі, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі.
2012-2017 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары, облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2017 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.