Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қос басылымның 90 жылдығына арналған дойбыдан жарыста Жұматәлі Әбдіраман жеңімпаз атанды (ФОТО)

Қос басылымның 90 жылдығына арналған дойбыдан жарыста Жұматәлі Әбдіраман жеңімпаз атанды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қасиетті Сыр елінің басты ақпарат көздеріне айналған облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» басылымдарының 90 жылдық мерейтойларына орай ардагерлер арасындағы дойбыдан өткен жарыстың жеңімпаздары анықталды.
– Биылғы жыл – Қызылорда облысының руханияты мен баспасөз саласы үшін үлкен айтулы жыл. Өздеріңіз еңбек еткен, терлеріңізді төккен, бүкіл өмірлеріңізді арнаған облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері 90 жылдық белесті бағындырып, үлкен мерейтойына арналған шаралар легін бастап кетті. Қос басылымның тойы 28 қараша күні республикалық деңгейде атап өтіледі. Бүгін осы үлкен тойдың алдында өздеріңіздің бастарыңызды қосып, баталарыңызды алсақ деген ниетпен дойбыдан шағын жарыс ұйымдастырып отырмыз. Себебі, араларыңызда осы қос басылымда 40, 50 жыл еңбек етіп, бүкіл өмірін осы газеттерге арнаған азаматтар бар. Олардың орны қашанда биік тұрады. Сіздерге деген құрметіміз шексіз, – деген болатын жарыстың ашылу салтанатында «Сыр медиа» серіктестігінің Бас директоры Аманжол Оңғарбаев.
Ардагерлер арасындағы дойбы жарысына Қайырбек Мырзахметұлы, Айжарық Сәдібекұлы, Әскербек Рахымбеков, Еркін Әбіл, Жұмагүл Оралбаева, Жұматәлі Әбдіраман секілді қос басылымның 6 ардагері қатысты.
Үш сағатқа жуық тартысты өткен жарысқа «Сыр медианың» дойбыдан бірнеше дүркін чемионы Сәбит Көшербаев төрешілік етті.
Жарыс қорытындысында қарсыластарына дес бермеген Жұматәлі Әбдіраман жеңіске жетті.
Екінші орынды Айжарық Сәдібекұлы иеленсе, үшінші орынға Әскербек Рахымбекұлы тұрақтады.
Жеңімпаздарды медиахолдингтің Бас директоры Аманжол Сақыпұлы марапаттап, қаржылай сыйлықтарды табыс етті.








05 қараша 2019 ж. 620 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области