Көшеде бал ашуға шақырған сығаннан қалай айналып өтуге болады?

Көшеде сығанға ұсақ-түйек ақша беріп, кейіннен әшекей бұйымдары мен қаражатсыз қалғанда есін жинайтын адамдар баршылық. Өкінішке қарай, көп адам мұндай жағдайда өзін қалай ұстау қажеттігін білмейді.
Бірінішіден, сығанды жақын маңнан көргенде бірден алыстап кетуге тырысыңыз. Өйткені, ол сізді "құрбаны" ретінде таңдаса, құтылу оңай болмайды. Адам психологиясын жақсы меңгерген олар қаласа, міндетті түрде жаныңызға келеді.
Сығандар түрлі себептермен әрекет етеді. Біреуі болашақты болжап бергісі келсе, екіншілері тек ақша сұрай береді.
Ал көбіне бірден іске көшіп, қасыңызға келіп, тағдырыңызды баяндай бастайды. Осы тұста олар алғашқы екі сөйлеммен сізді алдамақ болады. Ал сіз сенбеуге тырысыңыз.
Өйткені, тыңдап бастасаңыз, тоқтай алмай қалуыңыз мүмкін. Сығанның көзіне тіке қарамай, кетіп қалуға тырысыңыз.
Егер айтқанына көндіріп жатса, полициямен қорқытыңыз. Ол жақсы көмектеседі.