Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәлік бермек

Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәлік бермек

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда бүкіл әлемдегі қазақ диаспорасын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама дайындалуда. Онда этникалық қазақтар үшін арнайы куәлік шығару қарастырылған. Бұл туралы «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Әдуов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Әдуовтың сөзінше, аталған мемлекеттік бағдарлама 2020 жылдың көктемінде дайын болады деп жоспарлануда.
«Диаспораны қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама дайындалып жатыр. Мемлекеттік бағдарлама ел басшылығының деңгейінде таныстырылады», - дейді «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті.
Сонымен қатар «Отандастар» қоры 2020 жылдың көктемінде қандастарымыздың форумын өткізіп, мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері айтылады деп жоспарлап отыр.
«Мемлекеттік бағдарламада, қазақ куәлігі сияқты жақсы механизмдер бар. Бұл құжат шетелдердегі қандастарымызға Қазақстанда ел азаматтарымен тең көптеген құқыққа ие болуына мүмкіндік береді. Тек саяси құқықтан басқа», - дейді Талғат Әдуов.
06 қараша 2019 ж. 258 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области