Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӨЛҚҰЖАТТАРДЫ 2021 ЖЫЛДАН БАСТАП ЛАТЫН ӘРПІМЕН БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ТӨЛҚҰЖАТТАРДЫ 2021 ЖЫЛДАН БАСТАП ЛАТЫН ӘРПІМЕН БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА


    Латын графикасына ауысудың бірінші кезеңі 2018-2020 жылдарға жоспарланған.
    Қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысу кезеңдері туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Үкімет отырысы барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
    "Латын әліпбиіне кезең-кезеңмен ауысудың жоспары әзірленді. Бірінші кезең 2018-2020 жылдарға жоспарланған, бұл уақыт аралығында нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілетін болады. Латын графикасы негізінде дұрыс жазу қағидалары шығарылып, латын графикасына аудару бойынша ІТ-қосымшалар дайындалатын болады", - деді мәдениет және спорт вице-министрі.
    Ал латын графикасына көшудің екінші кезеңі 2021-2023 жылдарға есептелген. Е.Қожағапановтың айтуынша, бұл уақыт аралығында төлқұжаттар, жеке куәліктер мен басқа да құжаттарды латын әрпімен беруді енгізу жоспарлануда.
    Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшуге байланысты филолог-ғалымдардың қатысуымен курстар мен семинарлар ұйымдастырылатын болады.
    "Үшінші кезең 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Аталған жылдарда мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, мемлекеттік БАҚ, сонымен қатар құжат айналымы бойынша басқа да жұмыстар латын графикасына ауыстырылмақ", - деп атап өтті Ерлан Қожағапанов.
    Вице-министр мәдениет және спорт министрлігінде осы жұмысты үйлестіру бойынша "Тіл қазына" орталығы құрылатынын хабарлады.

14 ақпан 2018 ж. 664 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области