Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта көлік ұрлағандар ұсталды

Жалағашта көлік ұрлағандар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Lada Kalina» маркалы автокөлігін ұрлағандар ұсталды.
Тәртіп сақшыларына көліктің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Хабарламадан соң полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастап кетті. Нәтижесінде тас жол бойында жаяу кетіп бара жатқан екі азамат анықталды.
«Олар заңсыз айдап кеткен автокөлікті жасыру мақсатында жол жиегіне шығарып қойған. Күдікті ретінде Жалағаш кентінің 31 және 39 жастағы екі тұрғыны қолға түсті. Олар Жалағаш ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде алынған автокөлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
07 қараша 2019 ж. 302 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области