Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігер адамның көңіл-күйін түсіретін тағамдарды атады

Дәрігер адамның көңіл-күйін түсіретін тағамдарды атады

Kyzylorda-news.kz. Ресейдің дәрігер-диетологының айтуынша, тұзды және майлы тағамдар мен алкоголь өнімдері бастапқыда көңіл-күйді көтеріп, артынша оның бәсеңдеуіне әкеп соқытырады, деп хабарлайды Stan.kz.
Спиртті өнімдер ағзаның улануы мен шөлдеуіне алып келеді, мұның салдарынан адамның денсаулығы нашарлауы мүмкін. Алкоголь, шоколад тәрізді әр адамға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, кейбір адамның алкогольді сусын ішкен соң басы ауыруы мүмкін екен.
Маманның сөзінше, тұздалған тағамдарды сүйетіндерге сақ болған жөн. Тағамның мұндай түрлері алдымен жігерлендіреді, бірақ біраз уақыттан кейін күшті азайтып, қан айналым жүйесінің жұмысын төмендетеді. Сонымен қатар, егер көңіл-күйіңіз нашар болса, майлы ет және майонез қосылған салаттар жеуден бас тартқаныңыз жөн. Майлы тағамдар асқазанда әрең қорытылып, шаршауға алып келеді.
Ресейлік диетологтың айтуынша, көбіне адамдар көңіл-күйін көтеру үшін тәтті жейтін көрінеді. Бұл шешім орынды екен, тек тәттіні аш қарынға және көп мөлшерде жемеген жөн екен.
Бұған дейін, ғалымдар адам ағзасына және табиғатқа деген зияны көп тағам түрлерін анықтаған еді.
10 қараша 2019 ж. 340 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области