Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда отбасылық ансамбльдердің облыстық байқауы өтті

Қазалыда отбасылық ансамбльдердің облыстық байқауы өтті

Қазалы аудандық мәдениет орталығында күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Романқұл Әуезовтер атындағы облыстық байқауы өтті. Байқауға Қызылорда қаласы мен Арал, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарынан келген халықтық отбасылық ансамбльдері қатысты.
Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ресейдің Туапсе қаласында өткен халықаралық байқаудың Гран Приін ұтып алған жас әнші Мадияр Серікті жеңісімен құттықтады.
Талантты отбасылардың өнерін Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Сәукен Әліш, Қазанғап атындағы жоғары колледжінің оқытушысы Талғат Кәденов, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім меңгерушісі Қарлығаш Жүсіповалар сарапқа салды.
Облыстық байқаудың бас жүлдесін Сырдария ауданынан келген «Сәдуақасовтар» отбасылық ансамблі иеленді.
Бірінші, екінші орындарды Жаңақорған ауданының «Айсыновтар» мен аралдық «Сыдықовтар» халықтық отбасылық ансамблі өзара бөліссе, сырдариялық «Сарыбаевтар» ансамблі үшінші орынға табан тіреді.
Ал, «Ноғайбаевтар», «Қожабековтер», «Бидашевтар» ансамбльдері «Алғыс хатпен» марапатталды.


11 қараша 2019 ж. 417 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области