Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда «Қорқыт сазы» ансамблінің есептік концерті өтті (ФОТО)

Қазалыда «Қорқыт сазы» ансамблінің есептік концерті өтті (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық мәдениет орталығында «Қорқыт сазы» фольклорлық халықтық ансамблінің есеп беру концерті өтті.
Жыл сайын аудан халқы алдында есеп беруді дәстүрге айналдырған ансамбльдің құрылғанына биыл 33 жыл толып отыр. Бұл уақыт аралығында Қазақстан Республикасы композиторлар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Сәукен Әліш жетекшілік ететін «Қорқыт сазы» ансамблінің бағындарған белестер аз емес. Бүгінгі күнге дейін облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты атанып үлгерді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің қаулысына сәйкес ансамбльге «Халықтық ұжым» атағы берілді.
Мәдениет орталығына жиналған көрермендер ансамблдің орындауында «Қара жорға», «Ыңғай көк», «Мамық», «Балбырауын» күйлерін, «Қазақ елі толғауы», «Адам жоқ тұратұғын бір қалыпта», «Қыпшақтар», «Бұраң бел» сияқты әндерін тыңдады.
Концерттік бағдарлама аяқталған соң аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, «Қорқыт сазы» фольклорлық халықтық ансамблінің ұжымы мен көркемдік жетекшісі Сәукен Әлішевті «Алғыс хатпен» марапаттады.
Айта кетейік, «Қорқыт сазы» фольклорлық халықтық ансамблі 1986 жылы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған. Ансамблдің репертуарында күні бүгінге дейін Сыр өңіріндегі Арал, Қазалы, Ақтөбе және қарақалпақ халқына мәшһүр болған Мырза мен Жалдыбайдың, Қазанғаптың, Дайрабайдың күйлерімен қатар, халық әндері және Қазақстан композиторлары мен жергілікті сазгерлердің шығармалары бар.









23 қазан 2019 ж. 472 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области