Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды

Қазалыда мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиын барысында аудандық орталық кітапхана «Мәдениет мәңгі, өнер – өміршең» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап инсталляциясын қалың жұртшылыққа таныстырды.
Мерекелік концертте аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сөз алып, мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
«Бүгінгі таңда ауданда мәдениет саласында 200-ге жуық қызметкер еңбек етіп, рухани дүние тәрбиешісіне айналып отыр. Қасиетті топырақта талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнді. Қорқыт бабамыздың күңіренте тартқан күй-сазы, Роза апамыз бен Мәдинаның әуелете айтқан әні, Кеңес Дүйсекеевтің шығармалары бүгінгі ұрпақтың жүрегінде, - деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
Айтулы күні өз саласында жетістікке жетіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты шара облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жетістіктерге жетіп жүрген көркем өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

22 мамыр 2019 ж. 522 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области