Аралдықтар Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті
Арал аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік кеште аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан тұрғындарын ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, азаттық алған жылдар ішіндегі еліміздің толағай табысқа жеткендігін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты мен қамқорлығының нәтижесінде тәуелсіздік жылдарындағы ауданымыздың жетістіктері мен атқарылған игі істерге тоқталды.
Салтанатты шараға «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы филиалы директорының орынбасары Мырзабеков Салақадин қатысты.
Мерекелік шара аясында салтанатты түрде ант қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге куәлік табысталды. Сонымен қатар, бірқатар сала үздіктері «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі», «Астананың 20 жылдық», «Ғарышқа алғаш ұшқандарға 50 жыл толуына орай 50 жылдық» медальдарымен және Облыс әкімінің Алғысымен, аудан әкімінің алғысымен марапатталды.
Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының патриоттық әндер айтылған концертімен жалғасты.