Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде медициналық қызметтерді сатып алу электронды форматқа көшіріледі

Елімізде медициналық қызметтерді сатып алу электронды форматқа көшіріледі

Kyzylorda-news.kz. Келер жылдан бастап елімізде медициналық қызметтерді сатып алу электрондық форматта жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» медициналық қызметтерді сатып алудың веб-порталын іске қосты. «Бұл – қор үшін де, медициналық ұйымдар үшін де сатып алу рәсімдерін жеңілдетеді», – дейді мамандар. Яғни, қағазбастылық жоғалады. Енді бүгіннен бастап бүкіл ел бойынша тестілік сатып алулар басталады.
«Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерді бірыңғай стратегиялық сатып алушы ретінде бұл пилоттық жобадан үлкен үміт күтеді. Тетікті іске асыру кезінде ашықтық қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық факторларының пайда болу тәуекелі төмендейді және қағаз құжат айналымы алынып тасталады. Электрондық сатып алу рәсімі ашық түрде жүзеге асырылады», - дейді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова.
12 қараша 2019 ж. 296 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области