Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде жұмысынан босаған полиция басшылары қайда кетті?

Елімізде жұмысынан босаған полиция басшылары қайда кетті?

Kyzylorda-news.kz. Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазымынан босаған полиция басшылары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың кәсіби дағдысы зерттелді. Біз бұған дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру секілді амалдардан бас тартып, ең соңғы сөзді сұхбаттасуға қалдырдық. Демек, басшылардың қойылған талаптарға сәйкес еместігі айқындалып, лауазымдарынан босатылды», - деді Алексей Калайчиди ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
ІІМ орынбасарының айтуынша, жалпы 81 басшылық қызмет жаңартылған.
«Ішкі істер министрлігі терең реформаны бастаған кезде жұмыс нәтижесін бағалау дәрежесі қайта қаралатынын жария еткен болатын. Бұрын басшылардан құқықтық статистика талап етілген еді. Яғни, олар бұрын қанша қылмыс жасалғанын, қаншасы ашылғанын, қаншасы сотқа жолданғанын айтып, есеп беретін. Ал қазір біз негізгі талапты – халықтың бағалауымен есептейміз. Екіншіден, басшылар жергілікті халықтың негізгі мәселелерін дөп басып, бірлесе ортақ шешімді табуы тиіс. Үшіншіден, сервистік модель, яғни ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс», - деді ол.
Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босап қалған полиция басшылары қайда кеткенін түсіндірді.
«Жалпы, олар өз саласында сұранысқа ие мамандар. Жеке секторға заңгер ретінде кеткені де бар. Жалпы, персоналмен қызмет ету, қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды қажет ететін кәсіпорындар бізде жетерлік», - Алексей Калайчиди.
12 қараша 2019 ж. 254 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области