Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Президент Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы тағайындалды.

Мұның алдында ол Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Жаңа басшыны жеке құрамға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов таныстырды. Аймақ басшысы Бектөре Сұлтанды құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Арыстанғани Заппаровты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
Өз кезегінде, Арыстанғани Заппаров әріптестеріне алғыс айтып, ыстық ықыласын жеткізді.
ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Алексей Калайчиди осы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен алға қойылған міндеттер туралы айтты.
24 шілде 2019 ж. 2 148 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области