Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер салықты басқаша төлейді

2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер салықты басқаша төлейді

Kyzylorda-news.kz. Арнаулы салық тәртібіне өткен шағын кәсіпкерлер қандай жеңілдікке ие болады?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексінде жеке кәсіпкерлерге қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енеді.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Кәсіпкерліктің жеке түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Гүлмира Смағұловахабарлады.
Қандай өзгерістер күтіп тұр?
Салық кодексіндегі өзгеріске сай, патентті қолдану құқығы бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің (32 қызмет түрі) тізімі жария болды:
1.Сылақ жұмыстары;
2.Ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстары;
3.Еден жабу және қабырға қаптау жұмыстары;
4.Бояу және шынылау жұмыстары;
5.Такси қызметі;
6.Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
7.Сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
8.Фотография қызметі;
9.Аударма (ауызша және жазбаша) ісі;
10.Мүлікті жалдауға (жалға) беру;
11.Көлік құралдарын жалдауға (жалға) беру;
12.Ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және жалдауға (жалға) беру;
13.Бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беру;
14.Басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беру және жалдауға (жалға) беру;
15.Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын жалдауға (жалға) беру;
16.Есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын жалдауға (жалға) беру;
17.Спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтер;
18.Мәдениет саласындағы білім беру қызметтері;
19.Басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтер;
20.Қосымша білім беру қызметтері;
21.Өнер саласындағы қызметтер;
22.Компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеу;
23.Коммуникациялық жабдықты жөндеу;
24.Жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу;
25.Шаштараз қызметтері;
26.Маникюр және педикюр;
27.Ветеринариялық қызметтер;
28.Жер учаскелерін өңдеу бойынша қызметтер;
29.Тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша ызметтер;
30.Базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар қызметтері;
31.Музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу;
32.Үй жануарларын бағу қызметі.
Қолданыстағы Салық кодексімен 12 түрлі қызметке патентті қолдануды алып тастау қарастырылған. Олар: Жер қойнауын пайдалану, акцизделетін тауарлар өндiру, консультациялық қызметтер көрсету; сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржыландыруы, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі және тағы басқа.
Мақсат не?
Мақсат – бейресми еңбек қатынасын болдырмау және нақты кірістерді жасыруға жол бермеу. Сонымен бірге, өзгерістер көлеңкелі бизнесті ашыққа шығарып, жалдамалы жұмыскерлерді заңдастыруға бағытталған.
Онда жалдамалы қызметкерлерді тартусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес қызмет түрлері бойынша табыс табуға патент талап етілмейді. Мысалы, тәулік бойы сауда сату, азық-түлік сату, базарларда сауда жүргізу және тағы басқа.
Мұнда халықаралық тәжірибеге сай ұсақ қолөнершілерге қойлытын салықтық тәртіп негізінде кірісті қадағалауды және жалдамалы жұмысшыларды бақылуды күшейту көзделген.
Мысалы, биыл патент алған 268 кәсіпкердің 55,7 пайызы (148 953 жеке кәсіпкер) сауда саласында қызмет көрсетті. Олардың 55 пайыздан астамы аталған қызметті Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асырған.
Рұқсат етілген тізімге енбеген қызмет түрлерін көрсететін кәсіпкерлер салық төлеу тәртібін өзгертуі керек. Олар 2 түрлі тәртіптің бірін таңдайды:
•Жеңілдетілген декларация негізіндегі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық тәртібі;
•Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Басқа салық төлеу тәртібіне ауысу үшін не істеу керек?
Патенттен басқа салық салу тәртібіне ауысу үшін, патентті қолданатын жеке кәсіпкерлер салық салу тәртібін таңдауды қазірден бастап ойлауы қажет.
Сонымен бірге, салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе жазбаша түрде салық салу тәртібін өзгерту туралы хабарлама тапсыруы керек.
"Таңдалған салық салу тәртібін көрсету кезінде өзгертудің себебі ретінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патентті қолдану шарттарына сәйкес келмейтіндігін хабарлауы тиіс" – делінген Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін хабарламаған жағдайда салық органдары осындай салық төлеушілерді жалпыға бірдей белгіленген салық төлеу тәртібіне ауыстыратын болады.
Ал шағын бизнес өкілдері үшін осындай жалпы тәртіптен басқа арнаулы салық төлеу тәртібіне ауысуға тек бір жылдан кейін ғана рұқсат етіледі.
Арнаулы салық тәртібіне ауысудың артықшылықтары қандай?
Арнаулы салық тәртібін қолданатын шағын және ұсақ кәсіпкерлік субъектілері 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің кепілі" деп аталатын жолдауында айтылғандай, табыс салығынан үш жылға босатылады.
Сонымен қатар, жеңілдетілген салықтық есеп жүргізу және салықтық есептілікті тапсыру, бухгалтерлік есеп жүргізуден босатуқарастырылған.

12 қараша 2019 ж. 268 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области