Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕРЕК КЕҢЕС

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕРЕК КЕҢЕС


    Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Айзада Есенбаева салық мәселесіне қатысты палатаның баспасөз қызметіне сұхбат берген еді. Назарларыңызға сол шағын сұхбатты ұсынамыз.
    - Кәсіпкерлерді толғандыратын сауалдың бірі бұл салық мәселесіне қатысты екендігі белгілі. Биылғы жылы Салық кодексінде қандай да бір өзгерістер енгізілді ме?
    - Кәсіпкерлердің басым бөлігі салық режимінің арнайы салық режимін қолданады. Оның ішінде патент, яғни оңайлатылған деклорацияны қолданады. Айта кетейік, биыл жаңа жылдан бастап патентке өзгерістер енді. Патенті бар кәсіпкер дегеніміз – бұл кәсіпкерлік формасында бір ғана адам – кәсіпкердің өзі ғана жұмыс жасай алады, қосымша жұмысқа ешкімді ала алмайды және бір бағытта ғана жұмыс жасайды. Мәселен, осы патентті көбіне сауда қатарындағы, базардағы кәсіпкерлер, сондай-ақ таксистер жиі қолданады. Патенті бар кәсіпкерлер үшін биылғы өзгеріс, оны жаңалық десек те болады – әлеуметтік салық қысқартылды. Себебі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандырудың қосылуына байланысты бұл кәсіпкерлерден әлеуметтік салық алынып тасталды. Бұл кісілер (кәсіпкерлер) қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда бұрын жалпы табысынан 2 пайыз салық төлейтін. Сол екі пайыздың – бір (1) пайызы табыс салығы, ал қалған бір (1) пайызы әлеуметтік салық.
    Міне, осы медициналық сақтандыруға байланысты кәсіпкерлерге берілген жеңілдік әлеуметтік салық алынып тасталды. Бірақ, егер де кәсіпкерлер қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда 2 пайыз жеке табыс салығын төлейді. Биылғы жылға 2018 жылға жаңадан салық режимі қосылды. Бұл салық режимі бойынша 50 адамға дейін қызметкер алуға болады және табысы 300 млн.теңгеге дейін болуы қажет.
    - Кәсіпкерлер үшін өте маңызды мәселе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты. Өткен жылы арнайы реформа болды. Бірақ Елбасының тапсырмасы негізінде бағдарлама уақытша тоқтатылды. Осы мәселеге қатысты кәсіпкерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақ: «Медициналық сақтандыру қорына қаржыны төлей береміз бе, әлде тоқтатамыз ба?». Осы жағын ашып айтып бересіз бе?
    - Міндетті әлеуметтік медицналық сақтандыру бойынша Заң өткен 2017 жылы 1 шілде күні күшіне енді. Содан бері кәсіпкерлер айына 2446 теңге, яғни ең төменгі айлық көрсеткішінің екі еселенген 5 пайызын төлеп келген. Мұндай көлемді кәсіпкерлер соңғы 6 ай көлемінде төледі. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап уақытша тоқтатылды, 2020 жылға дейін.
    Тек айта кететін бір мәселе, кәсіпкерлер қарамағындағы жұмысшыларына 1,5 пайыздан төлеп отыруы тиіс.
    - Кеңесіңізге рақмет.

27 наурыз 2018 ж. 842 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области