Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАЛАПТЫ ОРЫНДАҒАН КӘСІПКЕР НЕГЕ КІНӘЛІ БОЛДЫ?

ТАЛАПТЫ ОРЫНДАҒАН КӘСІПКЕР НЕГЕ КІНӘЛІ БОЛДЫ?


    Кәсіпкерлер палатасының алаңында Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері жергілікті атқарушы орган өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты.
    Кеңесте 2017 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, осы жылы түскен кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланды. Солардың бірі Қызылорда қаласы маңында орналасқан кенттерде тіркелген кәсіпкерлік нысандарына салық салу ставкасының заңдылықтары жөнінде болды. Мәселені қарауға кәсіпкерден түскен шағым себеп болған.  
    «Сыр -Терминал» ЖШС-гі меншігінде  Қызылорда қаласы, Белкөл кентіне қарасты жерде орналасқан жалпы көлемі 28,24 гектар 3 жер учаскесі бар. Кәсіпкер 2014 жылға дейін  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (одан әрі – Салық кодексі) 381- бабына сәйкес елді-мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңының бір шаршы метріне шаққанда 0,96 теңгемен салық төлеп келген.
    Алайда 2015 жылы кәсіпкердің есепшісіне кірістер басқармасы  Қызылорда қаласы бойынша шаршы метріне 8,68 теңге базалық ставкамен төлеуді міндеттеп, төлемеген жағдайда банк шоттарының шығыс операциялары тоқтатылатыны туралы ескертулер жасаған. Ескертуді басшылыққа алған серіктестік 2015 жылдан бастап салықты  Қызылорда қаласына қатысты ставкамен төлеп келген.
         Осы жерде Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан 2011, 2012, 2013, 2014 жылдарға 700,00 нысанды салық есептілігіне талдау жасалынып, өткен 4 жылға салық толық төленбеген деп есептеп, яғни елді-мекендердің жерлеріне салынатын салықпен төлегенін назарға алмай 2016 жылдың 23 қыркүйегінде  ескерту хабарламасын жолдаған. Нәтижесінде серіктестік 2011-2014 жылдар аралығына  жалпы бюджетке 8 941 766 теңге қарыз болып шыққан.
        Бұл ретте серіктестіктің 2016 жылға дейін жер салығын декларацияға сәйкес уақытылы төлеп, бюджетке қарыз қалыптастырмағандығы ескерілмеген. Сол жылдың қараша айында Кірістер басқармасы хабарлама талаптары уақытылы орындалмаған деп есептеп, серіктестіктің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатқан.   
         Кәсіпкер сотқа арызданғанымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты арызбен жүгінуге арналған мерзімін өткізіп алуына байланысты қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған.
         Бұл жерде айта кететін жайт, Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет және Белкөл кентінде орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне салық ставкасы бүгінгі күнге дейін ҚР Салық кодексінің 381-бабында көрсетілген кестеге сәйкес кенттерге арналған 0,96 теңге және Қызылорда қалалық мәслихаттың 11.11.2011 жылғы №49/3 санды шешімімен 20 пайыз мөлшерінде жоғарылатып бекітілген базалық салық мөлшерін қолданып, яғни 1,15 теңгемен есептеліп келеді. Яғни, біздің материалымыздағы кәсіпкердің  жер учаскесі қала ставкасымен есептегенде жылына – 2 451 232 теңге, кент ставкасымен – 324 760 теңге мөлшерінде төлеу керек болып тұр.
           Кәсіпкер аталмыш мәселеге қатысты жер учаскесінің Белкөл кентінде орналасуына байланысты кент статусы туралы анықтап беруге Қызылорда облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына сұраныс хат жолдап, жауабын тиісінше кірістер басқармасына ұсынған.  
        Жауапты мемлекеттік мекеме «Қазақстан аумағындағы елді-мекендер қалалық және селолық елді мекендерге бөлінеді. Осы себепті, Қызылорда қаласы мен Белкөл кенті бір елді мекен болып есептелмейді. Дәрежелері: Қызылорда қаласы – облыстық маңызы бар қала, Белкөл – Қызылорда қаласының әкімшілік бағыныстылығындағы кент статусындағы елді-мекен», - деп түсіндірме берген.
          Осы дәлелдерді алға тартып, бір кентте орналасқан  жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге неге екі  түрлі салық мөлшері қолданылып отырғаны туралы Палата тарапынан кірістер басқармасы мамандарымен сөйлескенде, бұл мәселе облыстық кірістер департаментімен ғана шешілетінін, қала ставкасымен төлеген кәсіпкердің өз кінәсі екендігін алға тартуда.
         Яғни, жыл сайын қарыз қалыптастырмай, тиісті салықты уақытылы төлеп келген кәсіпкер басқарма тарапынан қысым көріп, артық салық мөлшерін төлеуге және өткен 4 жылға қайта қарыз қалыптасып, шығыс шоттарының жабылып, кәсібін жүргізуде кедергіге ұшырап отыр.
    Кеңес мүшелері отырыста     Кәсіпкерлер палатасына Мемлекеттік кірістер комитетінен кенттерде тіркелген кәсіпкерлік нысандарына салық салу ставкасына түсіндірме алуды, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының әрекетінен заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарын атқару туралы шешім қабылдады.
    Мұнан өзге, Қызылорда қаласы маңында орналасқан кенттерде тіркелген кәсіпкерлік нысандарының салық салу ставкасына талдау жасап, кәсіпкерлермен артық төленген қаржылар туралы деректер жинауды, нәтижесін отырыстың келесі отырысында баяндауды тапсырды.
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

17 қаңтар 2018 ж. 681 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области