Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2020 жылдан бастап төтеншеліктердің жалақысы көтеріледі

2020 жылдан бастап төтеншеліктердің жалақысы көтеріледі

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдан бастап Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің айлығы көтеріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерін – айлығы өсетін қызметкерлердің қатарына енгізіп жатырмыз. Олардың айлығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі. Бұл жерде ТЖК қызметкерлерінің айлығы тәртіп сақшыларының айлығын көтергендей амал-әдіс қолданылады. Яғни, ТЖК қатарындағы қызметі ең ауыр мамандардың айлығы 60-65 пайызға артады», - деді Алексей Калайчиди ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, өрт сөндірушілердің айлығы патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысынан аса кем емес.
«Сондықтан, олардың айлығын 65 пайызға көтеру бастамасы өте орынды деп есептеймін. Біздің болжауымызша, олардың айлығы шамамен 140 мың теңгеге жетіп қалуы керек», - деді ол.
Еске сала кетсек, бүгінгі баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлерді кезектен тыс аттестациялаудың қорытындысын жариялаған болатын. Аттестация қорытындысы бойынша бірінші басшылардың 60пайызы ауысқан.
12 қараша 2019 ж. 381 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области