Қазақстанда желтоқсан айынан бастап пойыздардың бағыты өзгереді
Kyzylorda-news.kz. Пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыт өзгереді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, атап айтқанда:
1) - №375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;
- №85/86 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді;
- сол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар - Нур-Султан-1» бағыты бойынша қатынайды;
2) Күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;
Сонымен қатар, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:
1) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-қа қарасты:
- № 153/154 «Нұр-Сұлтан- Семей» енді № 353/354;
- № 375/376 «Нұр-Сұлтан-Өскемен-1» енді № 67/68;
- № 377/378 «Алматы-Маңғыстау» енді №77/78 пойызы болып өзгереді;
2) Жеке тасымалдаушылар:
- № 312/311 «Нұр-Сұлтан- Семей» енді №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ге қарасты);
- № 307/308/ «Нұр-Сұлтан- Жезказған» енді №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС);
- № 617/618 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал Нұр» ЖШС).