Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Елімізде наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

«Жолаушылары тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №241/242 «Қызылорда-Атырау» пойызы Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан кері бағытта 21, 23, 25 күндері жүреді.
Қосымша жүретін пойыздарға тоқталып өтер болсақ, №7510 Астана-1-Павлодар бағытындағы пойыз 19, 20, 21, 25 наурыз күндері бір бағытта қатынайды;
- Сол секілді №7502 Астана-1-Павлодар бағытындағы пойыз 25 наурыз күні бір бағытта қатынайды;
- №7509 Павлодар-Астана-1 бағытындағы пойыз 20 наурыз күні бір бағытта қатынайды.
Сонымен бірге, мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша (2019 жылдың 19-26 наурызы күндері) жолаушылар пойызына қосымша 220 тіркеме тіркеу жоспарланған.
«Жолаушылары тасымалы» АҚ сонымен қатар мереке күндері бір реттік қосымша пойыздарды жіберу көзделіп отырғанын еске салады.
Нақты айтқанда, компания мәліметіне сай, №202/201 «Астана-1-Павлодар» пойызы қатынайтын болады. Жолаушылар көлігі Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады. Сол секілді №204/203 «Астана-1-Алматы-1» пойызы Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1-ден 21, 25 наурыз күндері; №205/206 «Алматы-2-Арыс-1» пойызы Алматы-2-ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1-ден 9, 23 наурыз күндері қатынайды. №241/242 «Қызылорда-Атырау» пойызы Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан кері бағытта 21, 23, 25 күндері жүреді.
«Компания пойыздардағы жолаушылардың санына мониторинг жүргізіп отыр. Сұраныс артқан кезде белгілі бір уақытта техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, вагондар қосылып, қосымша пойыздар жолға шығады. Қолға алынған шаралар мерекелер кезінде 18 мыңға дейін жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді», - делінген компанияның хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін де мерекелер карсаңында қосымша пойыздар жолға шығатыны туралы хабарлаған болатынбыз.
13 наурыз 2019 ж. 513 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области