ПОЙЫЗДАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ КЕСТЕМЕН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ

Нақтырақ айтқанда, Астанадағы және Орталық Қазақстандағы жолаушылардың Балқаш пен Алаккөлге қарай тасымалын қамтамасыз ету үшін қосымша пойыз шығып отыр:
№ 253/254 «Астана-Достық» пойызы Астанадан 17 маусымнан 30 тамызға дейін (бейсенбі және жексенбі сайын), Достықтан кері Астанаға қарай 18 маусымнан 31 тамызға дейін (дүйсенбі және жұма күндері) жүреді. Жолаушыларды отырғызу және шығару - Астана-1, Қарағанды-Сұрыптау, Қарағанды, Ағадыр, Мойынты, Балқаш, Саяқ, Ақтогай, Бескөл, Ақши, Көктұма, Жалаңашкөл, Достық стансылары арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Семей-Жалаңашкөл» және «Өскемен-Жалаңашкөл» бағдарларын ұйымдастыру көзделген.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздар туралы алдын ала біліп, билеттің интернет-порталдар, кассалар мен терминалдар арқылы алуға болатынын ескертеді.
Толығырақ ақпаратты алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама қызметіне немесе бірыңғай анықтама қызметі - 105 нөміріне хабарласуға болады.