Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨКТЕМДЕ «TАЛЬГО» БИЛЕТТЕРІН 20% ЖЕҢІЛДІКПЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

КӨКТЕМДЕ «TАЛЬГО» БИЛЕТТЕРІН 20% ЖЕҢІЛДІКПЕН АЛУҒА БОЛАДЫ


    «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап көктемгі қосымша жеңілдіктерді енгізетіні туралы хабарлайды. Жеңілдіктер «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына байланысты.
    № 701/702 «Астана-Алматы» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына - 15%;
    № 703/704 «Алматы-Петропавл» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына - 15%;
    № 709/710 «Астана-Шымкент» пойызының «Турист» класты вагондарына - 20%;
    № 89/90 «Астана-Қызылорда» пойызының «Турист» класты вагондарына - 20% жеңілдіктер қарастырылған.
    Сондай-ақ, осы пойыздарда динамикалық тарифтерді басқару бағдарламасы жұмыс істейді. Онда билеттің бағасы сатып алған күнге байланысты өзгереді. Билетті алдын ала сатып алатын жолаушы 35%-дық жеңілдікке ие болады. Бірақ, пойыздың кету күні жақындаған сайын билет бағасы қымбаттайды.
    Осылайша, көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып 1 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жолаушыға 50%-дан артық жеңілдіктер ұсынылып отыр.

14 наурыз 2018 ж. 974 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области