Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда екі отбасы баспаналы болды

Қармақшыда екі отбасы баспаналы болды

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданына қарасты Жаңажол ауылында баспанаға мұқтаж азаматтарға тұрғын үй табысталды.
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков баспаналы болған 2 отбасын құттықтап, жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
«Қоғамда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі маңызды орын алады. Бұл ретте бизнес өкілдерінің әлеуметтің осал топтарына бір кісідей жұмылып, еліміздің өркендеуі үшін қызмет атқаруы маңызды. Бүгінгі игі бастамаларды жүзеге асырып ел ықыласына бөленген «Жаңажол» ЖШС алғысымызды білдіреміз», - деді аудан басшысы.
«Соңғы үлгіде салынған тұрғын үйлер 200 ш/м аумақты қамтиды. Алдағы уақытта да ел игілігі үшін қызметімізді жалғастыра береміз. Бірлігіміз жарасқан ел болып, биік белестерді бағындыра берейік», - деді тұрғын үйге демеушілік жасаған «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов.
Сонымен бірге жаңа қоныс иелеріне Қызылорда облысы бойынша «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысындағы өкілі Оңталап Жидебаев пен «Қармақшы Ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек Қажы Әбиұлы да сый-сияпат жасады.

13 қараша 2019 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области