Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛАДЫ

«БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛАДЫ


    Астанада осы тақырыпты отандық және шетелдік ғалымдар өзара талқыға салып жатыр. Еліміздегі ғарыш күндеріне орайластырылған «Ғарышқа қазақстандық жол-2017» халықаралық форумына әлемнің 18 елінен 500-ге жуық мейман келді. Күнтізбе кестесі бойынша отандық ғарыш саласына инвестиция тарту және «Байқоңыр» ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
    Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған шара екі күнге жалғаспақ. Бүгін форумның ресми ашылуы мен пленарлық отырысында спикерлер өз баяндамаларын оқыса, ертең қатысушылар ынтымақтастық меморандумына қол қойып, шараны қорытындылайды.
    Осыдан 4 жыл бұрын басталған дәстүрлі семинар қатысушылардың көбеюі нәтижесінде халықаралық форумға айналып отыр. Ал кезекті халықаралық форум келер жылы мамыр айында KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік 5-халықаралық көрмесі шеңберінде өткізіледі.
    - Біздің бағыт – экономикалық жағынан тиімді жобаларды іске асыру. Әзірге Айға немесе Марсқа ұшамыз деген жоспарларымыз жоқ. Біздің негізгі бағытымыз – ғарыш техникасын тек қана жасап, оны басқарумен айналыспай, соның экономика мәселелерін шешуге тиімділігін жоғарылату,-дейді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Мейірбек Молдабеков.  

20 қазан 2017 ж. 1 111 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области