Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Картадан картаға онлайн ақша аударатындарды тексеру қашан басталатыны белгілі болды

Картадан картаға онлайн ақша аударатындарды тексеру қашан басталатыны белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін ҚР ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ҚР қаржы министрлігінің қолма-қол ақшасыз төлемдерін тексеруге қатысты ұсынысына байланысты пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ.
«Қаржы министрлігі салық салуды көздеп отыр деп ойламаймын (қазақстандықтардың қолма-қол ақшасыз төлемдеріне). Меніңше, осы төлемдерден салық төленіп жатқанын көргісі келеді. Сондықтан ұлттық банк пен қаржы министрлігі тиісті шараларды бірлесе іске асыратын боламыз.Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің артуы бюджет кірісінің өсуімен қатар жүруі керек. Мен мұны дұрыс деп санаймын. Сол кезде ақша "көлеңкелі" айналымнан шығарылады», - дейді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, бұл мәселе жекелеген банкке ғана емес, еліміздегі барлық секторына қатысты екен.
«Бұл ретте "көлеңкелі" экономиканы азайту бойынша біздің бірлескен жұмысымыз оңтайлы нәтижелермен жүзеге асқанын қалаймыз. Әзірге бұл қаржы министрлігінің ұсынысы ғана. Енді банктік қоғамдастық тарапымен де талқылау болады», - дейді ұлттық банк төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін сенат отырысында бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтау үшін қазақстандықтардың ақшалай аударымдарын тексерілетінін айтқан еді. Яғни адамға басқа жеке тұлғалардан ақша тұрақты түрде түсіп тұрса, онда салық қызметтері мұны тексереді екен.
13 қараша 2019 ж. 294 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области