Kaspi.kz қосымшасын тексереміз дегенді естіген дүкен иелері одан жаппай бас тартып жатыр
Kyzylorda-news.kz. Қаржы министрлігінің мобильді қосымшалардың көмегімен жүргізілетін қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруге қатысты жасаған мәлімдемесі дүкен иелерін қорқытып қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгінгі таңда еліміздің көптеген тұрғындары кез-келген қызмет үшін дүкендерде төлемдерді карта немесе телефон нөмірі арқылы жүзеге асырады. Жақында ғана қаржы министрлігі бөтен адамдардан кімге жиі ақша түсетінін тексеру туралы жоспарымен бөліскен еді.
Мұндай жаңалық сауда орындарына бірден әсерін тигізген. Facebook қолданушысының бірі Алматыдағы дүкендердің бірінде түсірілген фотоны жариялады. Суреттегі кадрда картаның көмегімен төлем жасауға болмайтыны туралы хабарлама жазылған.
"Біздің халқымызды қорқыту өте оңай болып шықты. Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі өкілдерінің бір-екі сөзі жетеді. Бұрын ол жерден жемістер алатынмын, терминал жоқ, кетіп қалдым. @kaspi.kz бекем бол!", - деп жазды алматылық.
Жазба талқыға түсіп, әлеуметтік желі арқылы тарап кетті.
"Шенеуніктер мәлімдемесі адамдарды қорқытатынының айқын көрінісі. Алдымен бір шешімін ұсынып, сосын барып мәлімдеу керек қой", - деді желі қолданушысы.
Басқа комментаторлар да енгізілгелі отырған жаңашылдыққа қатысты наразылықтарын білдірді.
"Егер барлық салық ашық болғанда ғой - не нәрсеге жұмсалып жатыр, қайда кетіп жатыр, бәрі қуана төлеуші еді. Егер біздің салықтарымыз 100% мектептерге, ауруханаларға, жолға және т.б. - бұл бөлек, былайынша адамдардың неге салық төлегісі келмейтінін түсінуге болады", - деді фолловерлер.
Пікір жазушылар қатарында мемлекеттік бақылауды жақтаушылар да табылған. Олардың ойынша, дүкендер сатып алу үшін чек беруге міндетті болғандықтан, мұндай операциялар заңсыз.
"Әңгіме салықты төлегісі келмейтіндерде... Каспи аударымдар үшін сонша уайымдайдынтарды түсінбеймін. Банктік терминал болмаған жағдайда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін көптеген шешімдер бар, сол QR. Бұл жағдайда салықтар төленеді, фискалдық чек беріледі, барлығы дұрыс", - деді комментаторлардың бірі.
Еске сала кетейік, бұған дейін қаржы министрлігі Kaspi банкімен бірлесе отырып, қолма-қол ақшасыз аударым жасауды заңдастыру жолын қарастырып жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов сенат кулуарында банк картасы арқылы аударылатын төлемдердің тексерілетінін мәлімдеген.