Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Kaspi.kz қосымшасы арқылы төленген коммуналдық төлемдерге салық ұсталады

Kaspi.kz қосымшасы арқылы төленген коммуналдық төлемдерге салық ұсталады

Kyzylorda-news.kz. Салық төлеуден жалтарып жүрген кәсіпкерлерді анықтау үшін қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударылымдарын тексеретін болады, деп хабарлайды Stan.kz.
Бірінші вице-министр Берік Шолпанқұлов айтуынша, электронды ақша аудармалары бір жартысына салық енгізілуі тиіс, өйткені олар кіріс әкеледі.
«Балық төлемдер туралы айтудың қажеті жоқ. Егер сіз жақындарыңызға ақша аударып немесе ақшаны шотыңызға салған болсаңыз ол саналмайды. Барлық электронды төлемақылар тексерілетін болады. Егер сіз коммуналдық төлем немесе ұялы телефоныңызға бірлік аударсаңыз оған салық салынады. Ақша аударылымдарына салық қызметі бақылау жүргізеді», - деді Шолпанқұлов Сенат жиналысында.
Вице-министрдің сөзінше, қазақстандықтар бұл жағдайда мемлекеттік қызмет сапасыз немесе тауардың ақауы болса, салық төлегендіктен өздерінің құқығын қорғап шағымдана алады. Сонымен қатар ол өз сөзінде туыстарына не таныстарына аударатын ақшаға салық салынбайтынын жеткізген. Ал егер жеке тұлғаға бірнеше тұлғалардан ақша көп алып кетсе, бұл міндетті түрде салық қызметінің назарын аударатынын ескерді.
07 қараша 2019 ж. 388 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области