Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІК САЛЫҒЫН ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТӨЛЕУІ ТИІС

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІК САЛЫҒЫН ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТӨЛЕУІ ТИІС


    Қазақстандағы автокөлік иелері темір тұлпарлары үшін салық бойынша берешекті 31 желтоқсаннан кешіктірмей өтеуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «Қарыз сомасы қалыптасқан жағдайда, салық төлеушілер көлікке салық бойынша міндеттемені орындауы тиіс. Төлем жасау мерзімі жыл сайын 31 желтоқсаннан кеш болмауы керек», - деп атап өтілген «ҚазАқпараттың» ресми сауалына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен берілген жауапта.
     Ведомствода нақтылап өткендей, салық төлеушілер санатына Қазақстанда тіркелген немесе есепте тұрған автокөлігі бар жеке тұлғалар жатады. Сонымен бірге көлікке арналған салық ставкасы автокөлік қозғалтқышының түрі мен қуатына байланысты белгіленеді. Көлік иесі тарапынан салық төленбесе немесе толық өтелмесе, онда қарыз сомасын мәжбүрлі өндіріп алудың шаралары қабылданады. Автокөлікті басқа адамға сату жағдайында оны қайта тіркеу мен есептен шығару үшін тапсырушы тарап барлық салықты төлеуі тиіс. Көлікті сату кезінде есептелген салықтық берешек туралы мәліметті азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан және тіркелген жеріндегі салық органынан біле алады.  
    Атап айтқанда, салық бойынша берешек сомасы немесе оның жоқтығы туралы ақпаратты автокөлік иелері ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан (kgd.gov.kz) біле алады. Сонымен қатар call-орталық та жұмыс істеп тұр.  

27 желтоқсан 2017 ж. 751 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области