Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 14 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бүгін ойыңызды жинақтап, болашаққа жоспар құрыңыз. Егер денсаулығыңызды жақсартуды қолға алсаңыз, ең бірінші зиянды әдеттерден арылыңыз.
Торпақ
Күшіңізді көп жұмсап алудан сақтаныңыз. Бар күшіңізді кешкі сауыққа сақтаңыз. Бүгін көңілді кеш болмақ.
Егіздер
Қиындық тудырып алудан сақтаныңыз. Әр сөзіңіз бен ісіңізге мұқият болыңыз. Бұлардың барлығы өміріңізге әсер етуі мүмкін.
Шаян
Тек ақша туралы ойламаңыз. Қаражат мәселесі маңызды екені сөзсіз, дегенмен өмірдің мәні ақшада емес.
Арыстан
Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Барлық шаруа сіз ойлағандай жүзеге асады. Сонымен қатар бүгін жағымды жаңалық естейсіз.
Бикеш
Ең маңызды мәселелер шешімін тапқаннан кейін, өмірдің рахатын сезініңіз. Көптен ойлаған саяхатқа шығып, таным көкжиегін кеңейтіңіз.
Таразы
Жоспар ретімен жүзеге асып келеді. Ішкі түйсікті тыңдаңыз. Сонымен қатар сізді бүгін қызықты таныстықтар күтіп тұр.
Сарышаян
Сүйікті адамыңызбен бірге оңаша қалып, ойдағы мақсаттарыңызбен бөлісіңіз. Маңызды сауалдарға жауап тауып та қалуыңыз мүмкін.
Мерген
Өз-өзіңізді бағалай біліңіз. Жеке өміріңізде айтарлықтай өзгеріс болады. Бұл өзгерістер сізді терең ойға қалдырады.
Тауешкі
Бүгін барлығына шынайы боласыз. Шындыққа тура қарап, қиялға берілмейсіз. Тек нақты жоспар құруға көшесіз.
Суқұйғыш
Айналаңыздағы адамдар түрлі сауалдар қояды. Бұл сұрақтар сізді тығырыққа тірейтіні анық. Бірақ барлығы оңынан шешіледі.
Балықтар
Бүгін біршама келіссөздер жүргізесіз. Олардың барлығы өз жемісін беретін болады.