Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Өзгерісті қажет етсеңіз барлығына дайын болыңыз. Бастапқыда барлығы оңай болмайтынын сіз жақсы білесіз.
Торпақ
Кез келген шаруада белсенділік танытып, бастамашыл боласыз. Барлық мәселені ретімен шешесіз.
Егіздер
Айтарлықтай табысқа жетесіз. Соның арқасында қаржылық мәселені оңтайландырасыз.
Шаян
Жұмыс шаш етектен болса да, еш ренішіңіз жоқ. Себебі күніңіз қызықты, әрі жемісті болады.
Арыстан
Бүгін өте сақ болыңыз. Қызықты мүмкіндіктер туады. Оларды жіберіп алмас үшін жан-жағыңызға мұқият болыңыз.
Бикеш
Өміріңізге өзгерістер енгізетін кез келді. Маңызды шешім қабылдауға асығыңыз. Кез келген тапсырманы орындауға дайын болыңыз.
Таразы
Бүгін барлық мәселенің түйіні шешіліп, көптен бері ойыңызды сан-саққа жүгірткен шаруа өз нәтижесін береді.
Бүгін барлық мәселенің түйіні шешіліп, көптен бері ойыңызды сан-саққа жүгірткен шаруа өз нәтижесін береді.
Сарышаян
Бүгін сүттен жасалған өнімдерді көп қолданбаңыз. Себебі ағзаңызда ақуыз көбейіп, бүйрекке салмақ түсіруі мүмкін.
Мерген
Бүгін адамдардың іс-әрекетіне баға беріп отырасыз. Кей адамдардың бойынан өзіңізге тән мінез-құлықтарды көресіз.
Тауешкі
Қызуқанды мінезіңізді пайдаланатын кез келді. қордаланған мәселелерді шешіңіз, абыройыңызды өсіруге жұмыс жасаңыз.
Суқұйғыш
Эмоцияға берілмеңіз. Ешкімнің көңіліне келетін ауыр сөз айтпаңыз. Әріптестеріңізбен тіл табыса біліңіз.
Балықтар
Бүгін жұмысқа деген белсенділігіңіз төмен. Тіпті күнде атқарып жүрген жұмыстың өзі қиындық туғызады.