Елімізде енді автомобиль жолдарының жағдайын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады

Жоғарыда аталған мәліметтердің барлығын ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Ұлттық жол активтері сапасының орталығы жинайтын болады. Бірінші кезекте, жүйеде ұзындығы 24 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жөніндегі ақпарат қолжетімді болмақ. Бұдан кейін жергілікті жолдардың жағдайына қатысты мәліметтер енгізіледі.
Жүйе техникалық тұрғыда келесі жылдың мамырында іске қосылады деп күтілуде. Ал пайдаланушылар оны 2020 жылдың 1 маусымынан бастап қолдана алады. "Жол активтерін басқару жүйесі" қосымшасын Android және iOS платформасынан тегін жүктеп алуға болады.