Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ

СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ


Биыл облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға барлығы 13,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 278 шақырымға жуық жол жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен интернет конференцияда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тілеуов мәлімдеді.
Нақты кезеңде аталған қаржының 5,1 млрд теңгесі игеріліп, 82 шақырым жол мен көшелер жөндеуден өткізілген.
Басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Тілеуовтың айтуынша, қазіргі таңда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63,5 процентті көрсетуде.
Сол жағалаудағы жаңа қоныста тұрғын үй құрылысы қарқын алғаны белгілі. Бұған қоса, мұнда көше салу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
– Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистральді көше жолдарын Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы көпірден “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автотрассасына дейін салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 600 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, сол жағалаудағы қорғаныс бөгетінің жанындағы ұзындығы 7,2 шақырым болатын жалпы қалалық маңызы бар магистральді көшенің жол құрылысын салуға 300 млн теңге бөлініп тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді Д.Тілеуов.
22 тамыз 2018 ж. 737 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области