Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандағы банктер пайыздық ставкасын қашан төмендетеді?

Қазақстандағы банктер пайыздық ставкасын қашан төмендетеді?

Kyzylorda-news.kz. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау Қазақстанда қызмет көрсететін банктердің проценттік мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін талқылаған келісім аясында нарықтағы кедергілерді жою туралы қадамдар қарастырылған. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті дамытуға және банктік сектор тарапынан сервисті жақсартуға жағдай жасайды. Нарықтағы қатысушылар алаңының кеңеюі алдағы уақытта тарифтердің, комиссия талаптарының және проценттік ставкалардың төмендеуін білдіреді», - деді Ерболат Досаев Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
«Ортақ қаржы нарығын құру банк, сақтандыру секторында және бағалы қағаздар нарығындағы қызмет көрсету секторында лицензияларды өзара тануды, қаржы нарықтарына кемсітушіліксіз кіруді қамтамасыз етуді, мемлекеттік реттеуді жетілдіруді және қаржы нарықтарында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды көздейді», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы.
13 қараша 2019 ж. 269 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области