Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда тегін таратылатын онкодәрілер Ресейде миллион теңгеге сатылған

Қазақстанда тегін таратылатын онкодәрілер Ресейде миллион теңгеге сатылған

Kyzylorda-news.kz. Ресейде қазақстандық онкологиялық науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер сатылғаны анықталды. Дәрі-дәрмектің бір қорабының бағасы миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Қазіргі уақытта біздің онкологиялық өнімдеріміз шетелде, атап айтқанда Ресейде сатылатыны туралы ақпарат алдық, оларды СК-Фармацияның бір дистрибьюторы сатып алады және құны өте жоғары – қорабы миллион теңгеден асады»,– деді арнайы брифингте Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.
Оның айтуынша, әңгіме меланоманы емдеуге арналған екі препарат – пембролизумаб (pembrolizumab) және дабрафениб (Dabrafenibum) туралы болып отыр.
«Бізге дәрі-дәрмектеріміздің Ресей нарығында сатылып жатқаны туралы пациенттеріміз хабарлады. Енді біз құқық қорғау органдарымен бірге тексеріс жүргіземіз. Егер ақпарат шын болса, біз оларды тез арада Бас прокуратураға жібереміз», – деді Л.Бюрабекова.
Комитет төрағасы аталған дәрі-дәрмектер қазақстандықтарға тегін берілетінін айтты.
14 қараша 2019 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области