ТОҒЫЗ АЙҒА ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕК САТЫП АЛЫНДЫ
Ел тұрғындарын 488 түрлі дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз ету үшін 62,5 млрд. теңгеге тоғыз айлық қажеттілікті сатып алу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор тендері шеңберінде көрсетіледі. Бұл туралы www.mz.gov.kz хабарлайды.
Тендер барысында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсететін стационарлар, сондай-ақ емханаларда диспансерлік есепте тұратын емделушілерді амбулаторлық қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сатып алынады.
Ашу рәсімі барысында әр өтінілген атауы бойынша әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстары аталды, бұл сатып алудың айқындылығын қамтамасыз етеді. Сатып алудың транспареттілігін қамтамасыз ету үшін ашу рәсімі сатып алу рәсімдерінің басқа кезеңдері сияқты Бірыңғай дистрибьютор сайтында және Фейсбуктің ресми парақшасында нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Сонымен қатар бұған министрлік қызметкерлерінің тендерлік комиссияға қатысуы және ҮЕҰ мен бейінді қауымдастықтар өкілдерінің байқаушыларын тарту және әлеуметтік желілердегі комиссияның жұмысы туралы тұрақты фото есептері жәрдем болады.
33 әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамасы бар өтінімдер берді. Енді, 18 қаңтарға дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармацияның» негізгі қызметкерлері құрамындағы тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған тендерлік құжаттаманы зерделейтін болады және өз ескертулерін айтады, оларды фармкомпаниялар 24 қаңтарға дейінгі мерзімде түзете алатын болады. Тендерге қатысуға жіберілген қатысушылар арасында дәрі-дәрмек заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендетілген бағаларына деген аукцион 1 ақпанда өткізіледі және қандай компаниялар республиканың халқына тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін көрсету үшін дәрі-дәрмектерді жеткізетін болатындығын айқындайды. Ақпанда сатып алынған дәрі-дәрмектер Бірыңғай дистрибьютор қоймаларына жеткізіле басталуы жоспарлануда.
«СК-Фармация» қоймаларына 2017 жылғы желтоқсаннан бастап-ақ отандық өндірушілермен жасасқан шарттар шеңберінде 450 дәрі-дәрмек атауы, тікелей шарттар бойынша шетел өндірушілерден 94 препарат және орфандық препараттарға тендерлер нәтижелері бойынша сатып алынған 40 дәрі-дәрмек атауы жеткізілген болатын. Тағы ЮНИСЕФ және БҰҰДБ халықаралық ұйымдарымен шарт жасасу шеңберінде 15 дәрі-дәрмек атауы жеткізілетін болады.