Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ 29 АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ 29 АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ


    Жыл тоғысындағы жаңалықтың бірі – облыстық денсаулық сақтау мекемелері үшін жылжымалы флюро-қондырғылар, арнайы көліктер және жеңіл автокөліктер сатып алынды.
    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сала мамандарына 29 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.
    Біз халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің барлық талаптарын басшылыққа алып отырмыз. Мәселен, жаңа туылған нәрестелер үшін  жасанды тыныс алдыру аппараттарын  аудандарға, Ана мен бала орталығына  алдырдық. Барлық аудандар жүрек қан тамырлары ауруларын ерте анықтайтын кардиостандарттар, онкологиялық   ауруларды  ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін эндовидеостойкалармен қамтамасыз етілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыр өңірінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 400 орындық емхана пайдалануға берілсе, Жаңа жыл мерекесіне тарту ретінде денсаулық сақтау мекемелері үшін жылжымалы флюроқондырғылар мен ыңғайлы автокөліктер сатып алынды, - деді аймақ басшысы.    
    Денсаулық сақтау саласының ардагері Тұрғанбай Маханов әріптестерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
    Атап өтейік, соңғы 2 жылда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық  базасы нығайтылды. Барлық аудандарда ауысымына  250 келушіге арналған емханалар жаңадан салынып, жуырда Жаңақорған аудандық емханасы мен Қазалы аудандық орталық ауруханасы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 2018-2019 жж. мемлекеттік–жекеменшік әріптестіктің шеңберінде облыс ауруханаларына компьютерлік томограф және ангиографиялық қондырғылар сатып алу бойынша 5 ауқымды жоба қарастырылып отыр.



22 желтоқсан 2017 ж. 651 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области