Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық ана туған ұлын полицияға не үшін тапсырған?

Қызылордалық ана туған ұлын полицияға не үшін тапсырған?

Kyzylorda-news.kz. Ащы су атаңнан қалған ас емес десек те, оны судай сіміретін жанның бірі – Самат. Қызылордалық жігіттің айтуынша, қанша тырысса да, арақ көрсе, жолдан тайып кете береді. Осы орайда жас жігіттің анасы оны неге полицияға тапсырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Ұйықтамай жынмен сөйлесе ме әлде шайтанмен сөйлесе ме? Білмеймін. «Мен пәленшемен сөйлесіп жатырмын» деген кезде біз үрейленіп, қорқамыз. Сөйтіп бұл баланы талай рет полицияға ұстатып жібердім. Оған сайтан не жын кіріп кеткенін білмеймін. Ішіп алса, бәлелер көрінетін сияқты. «Балаң мен келіншегің бар, қойсаңшы» деймін», - деп алаңдайтынын жеткізді Гүлшахар Әшірбаева.
Бұл жағдайды Саматтың келіншегі Малика да растады. Айтуынша, бірнеше күн бұрын күйеуі жындармен тілдесетінін айтып, зәресін ұшырған.
«Бұл соңғы уақытта болды. Біз екеуіміз ұйықтап жатқанбыз. Басында қызым екеуі ойнап отырды. Сағат он бірден асып бара жатқан кезде жарықты сөндіріп, жата берейін десем, көзі дөп-дөңгелек болып, шарасынан шығып кетейін деп тұр. «Жындардың басшысы Даруыл» деп сөйлеп жатыр. Түрткілеп, Құран оқуын сұрадым. Оқи алмай, көзінен жас шығып, біртүрлі болып кетті. Бір тесікке қарап алған, «Маған келіп тұр» деді. Анамызды шақырып келмек болып едім. Қызымыздың ішіне жын кіруі мүмкін екенін айтты. Шошып кеттім. Анам екеуіміз қорықтық, содан кейін полицияға қоңырау шалып, олар алып кетті», - деді Малика Сейілбекова.
Сондай-ақ, келіншек күйеуінің бұған дейін де түнімен ұйықтамай, марқұм әкесі мен атасына жалынатынын айтты.
16 қараша 2019 ж. 265 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области