Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Батырхан Шүкеновтің анасы: Өлерінен бір күн бұрын әкесі түсіме кіріп, ұлдарымның бірін жетектеп кетті

Батырхан Шүкеновтің анасы: Өлерінен бір күн бұрын әкесі түсіме кіріп, ұлдарымның бірін жетектеп кетті

Диляра Шүкенова ұлы өлерден бір күн бұрын марқұм жарын түсінде көрген. Онда күйеуі Диляра апайдың ұлдарының бірін жетектеп кеткен. Бір жамандықтың боларын сезген Диляра әжей сол күні Батырханынан айырылып қалатынын білмеген, деп хабарлайды Stan.kz.
“Батыр өлерден бір күн бұрын түсімде әкесін көрдім. Есіктен кірді де, бір баланы жетектеп алып шықты. Қай бала екенін білмедім. Таңертең тұрдым да: – Ойпырмай, менің қолымнан неге сүйреп алып кетпейді? Мына балалардың біреуін алып кетті-ау, – дедім. Батырға көрініп тұр екен ғой сол кезде” – дейді Диляра Шүкенова.
Сұхбат барысында анасы Батырханның осы уақытқа дейін ел білмеген емшілік қасиеті жайлы да айта кетті. Шүкеновтің бойындағы бұл дарынға Бибігүл Төлегенова қайтыс боларынан 2 күн бұрын көз жеткізіпті.
“Астанада Бибігүл Ахметқызы бәрі концерт беріпті. Биекең: – Далада тұрсам, басым айналып кетті. Менің шығатын кезегім еді. Мен ауырып тұрмын, – деп өзінің орнына Батырханды шығарғысы келген. Батырхан болса: – Қорықпай-ақ қойыңыз, қазір мен сізді емдеп жіберемін, деген. Келіп, бас жағымнан бірдеңе істеді, не істегенін білмеймін. Бір кезде жазылдым, дейді. Оның сондайы да бартұғын. Қолынан келеді. Сынықтарды, бәрін емдей беретін”, – дейді Батырдың анасы.
Бибігүл Ахметқызы бала кезінен таныған Батырдың бұл әрекетіне таңғалып, оның не істегенін білмек болғанымен, Шүкенов өнердегі анасының миын қатырғысы келмеген ұқсайды.
“Қайтесіз? Сіз жақсысыз болды, – дейді екен. 28 күні 2 сағат қалғанда звондадым, сол күні түнде қайтып кетті. – Мама, қазір “Один в одинге” кіріп бара жатырмын. Сіздің әдетіңіз, қайта-қайта звондайсыз. Мені мазаламаңыз, – деді. Болды, сол жерде қайтыс болды”, – дейді Диляра Шүкенова.
Анасы бұған дейін де ұлының өміріне қастандық жасалған болуы мүмкін деген болжамын жеткізген еді. Арада 4 жыл өтсе де, Диляра Шүкенова бұл ойынан айнымаған. Себебі:
“Өмірімде жүрегім ауырды деген бала емес. Мені апармаған жері жоқ, менің жүрегім ауырады. Анализ орталығының басшысы да бұған сенбейді. Өйткені кетерінен 10 күн бұрын сол кісінің алдында емделіп кеткен. Ондай ауруын көрген жоқпын деді”, – дейді анасы.
19 қаңтар 2019 ж. 601 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области