Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІНІҢ АНАСЫ "ТЕНТЕК" ҰЛЫНЫҢ ДАУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІНІҢ АНАСЫ "ТЕНТЕК" ҰЛЫНЫҢ ДАУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Күні кеше Алматыда отандық әнші Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінің тұсаукесері өтті. «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады» демекші, тұңғыш ұлының тырнақалды туындысын көруге келген әртістің анасы қатты қобалжып, қорыққанын жасырмады. Ол өзінің "ерке әрі тентек" ұлының қылықтары мен даулы оқиғалары туралы NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.
"Шынымды айтсам, фильм басталғанша қатты қобалжыдым. Қорықтым. Уайымдадым. Кейін журналистермен сұхбат болған кезде «тағы біреу баламды шалып қалмаса екен», - деп тілеп тұрдым. Кейін сәл де болса қобалжу басылып, көңілім жайланды. Қуаныштымын", - дейді ол.

Фильмдегі Төреғали анасын өте сирек көреді. Ал, анасы дәмдісін дайындап тағатсыздана күтеді. Өмірде де дәл солай екен.
"Ұлымның гастролі, концерттері көп. Өте сирек көремін. Дастархан басында мәз-мейрам болып шай ішіп, әңгіме айтқанға не жетсін?! Ұлым үйге келсе бар тәттімді алдына ұсынамын. Кейде түсте тұрып, асығыс-үсігіс шай ішіп, жұмысқа кетіп қалады. Сол кезде сағынышым басылмай қалады", - деп ағынан жарылды әнішінің анасы.

Ал жиі болатын орынсыз жағдайлар мен даулы оқиғалар аяулы ананың жүрегін ауыртып, жиі қан қысымын көтеретін болып шықты.
"Бастапқыда, тіпті қатты қабылдайтынмын. Уайымнан күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмейтінмін. Бірақ, бала-шағам: «мама, ойлай бермеңіз, ауырып қаласыз» деп қолдап жүреді. Ана болғасын қалай уайымдайын?!
Өзі көңілімді көтеру үшін: «мама, хайп қой. Сіз ауырып қалмағанда мен апта сайын хайп жасап тұрар едім?!», - деп әзілдеп қояды. Адамның атағы шығып, аты оза шапқан сайын аяқтан шалушылар көп болады ғой. Баламды "сондай қара пиғылды адамдардан сақта" деп Құдайдан тілегеннен басқа қолымнан ештеңе келмейді.

Бүгін бір журналисттер әуежайдағы оқиғаға қатысты сұрап жатыр. Мен тек уайымдайтынымды айта аламын.
Ал, қалай, неге болды деген көп сұраққа ұлымның немесе папасының жауап бергені дұрыс шығар. Себебі, мен үйдегі жанашырымын. Ал, еркектердің ісіне ешқашан басымды сұққан емеспін", - деп аяқтады сөзін "Ұлы дала баласының" анасы.
16 қазан 2018 ж. 855 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области