Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ықылықтың сәби денсаулығына пайдасы анықталды

Ықылықтың сәби денсаулығына пайдасы анықталды

Kyzylorda-news.kz. Ғалымдар адамдарға ықылық тигенде олардың денсаулықтарында не өзгеретінін болжады. Олардың пайымдауынша, ықылық тию әсіресе сәби денсаулығына пайдалы екен. Себебі ықылық арқылы олардың ми жұмысы жақсаратын көрінеді, деп хабарлайды Риа Новости.
Британияның Лондон университеттік колледжі ғалымдары ықылық тигенде, сәбилердің ми жұмысы жақсаратынын айтқан. Зерттеушілердің сөзінше ықылық сәбиге ана құрсағында жатқанда, тоғыз айдан бастап тиеді екен.
Әсіресе ықылық шала туған нәрестелерде ұзағынан тиеді. Оларға он бес минут бойы тоқтамастан ықылық тиюі мүмкін.
Зерттеу 30-42 апта аралығындағы сәбилерге, олардың миын сканерлеу арқылы жүргізілген.
Сол сәтте олар ықылық тиген сайын, шақалақтардың миы белсенді түрде жұмыс істейтіндігін байқаған. Сонымен бірге олар ықылық арқылы сәбилердің тыныс алу жүйесі де қалыптасатынын дәлелдеген.
Ғалым Кимберли Уайхедтің айтуынша, ықылық адам өміріндегі құрсақта жатқаннан бастап дамитын, ми жұмысына оң әсер беретін, қалыпты құбылыс екен.
17 қараша 2019 ж. 527 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области