Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ҰСТАУДЫҢ БІР ПАЙДАСЫ

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ҰСТАУДЫҢ БІР ПАЙДАСЫ

Қалада өмір сүретін адам үй жануарларын асырамаса, оның психикалық денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Мұндай қорытындыны Ульм (Германия) және Колорадо университеттерінің (АҚШ) ғалымдары жасады.
  Эксперимент үшін 20-40 жас аралығындағы қырық неміс іріктелген. Қатысушылардың жартысы жануарлар бар фермада, ал қалғаны қалада өскен.
  Оларға математикадан оңай есеп берілген. Ер адамдардың иммунитетінің реакциясын анықтау үшін олардың тестке бес минут қалғанда қаны мен сілекейін және кейін 15, 60, 90, 120 минут өткен соң қабылдап, тексерген.
  Нәтижесінде фермада өскен адамдардың ағзасындағы күйзеліске реакциясы сабырлы деңгейде болған. Яғни, бұл олардың болашақта психикалық аурумен сырқаттануына қауіп аз дегенді білдіреді.
  Ал қалада өскендердің ағзасында перифериялық қанның моноядролық жасушаларының деңгейі жоғарылаған. Ол - иммунитеттің күйзеліс жағдайындағы негізгі реакциясы. Тіпті, есепті шығарғаннан кейін 2 сағат өткенде де бұл деңгей төмендемеген. Яғни, уақыт өткен сайын күшейе берген.
  Зерттеушілердің айтуынша, үй жануарларынан иелеріне берілетін микроорганизмдер адамды күйзеліске төзімді етеді. Себебі бактериялардың әсерінен иммундық жүйе қабынуға қарсы процессте тепе-теңдікті сақтап, аллергия, аутоиммундық аурулар, психикалық ауытқулардың даму қаупін жояды.

11 мамыр 2018 ж. 662 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области