Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Назарбаев Қазақстанда ұлттық валютаны қалай енгізді? (ФОТО, ВИДЕО)

Назарбаев Қазақстанда ұлттық валютаны қалай енгізді? (ФОТО, ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің туған күні. 1993 жылғы 15 қарашада елміз үшін тарихи оқиға орын алып, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Бұл жаңалықты сол кездері отандық БАҚ өкілдері қалай баяндады?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 12 қарашада Ұлттық валютаны енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сол күні кешке телевидение арқылы осы мәселемен Қазақстан халқына үндеу жолдады. Президенттің үндеуі мен сәйкес жарлықтар, қаулылар мен теңгені айналымға енгізу туралы нұсқаулар ресми баспасөз құралдарында 13 қарашада жарық көрді.
Назарбаев өз үнеуінде бұндай оқиғаның әр елдің тарихында бір-ақ рет болатынын мәлімдеді.
"Ұлттық валютаны енгізу қажеттілігін барлығымыз түсінуіміз қажет. Біз үшін бұл оқиғаның тек экономикалық емес, сондай-ақ саяси мәні де теңдессіз", – деді ол.
Ары қарай Елбасы жеке ұлттық валютаны енгізу себебінің мән-жайын айтып берді. Төменде оның мәлімдемесінен үзінді келтіреміз.
"Біз жағдайды мұқият таразылап, жеке валютамызды енгізу туралы шешім қабылдадық. Бұл экономикалық одақ жөніндегі келісімшарттың негізгі ережелеріне қайшы келмейді. Біз ашықтық қағидаларын басшылыққа ала отырып, Ресей мен өзге де Достастық мемлекеттерін бұндай қадам жөнінде уақытында ескерттік.
Өкінішке орай, бүгінде стратегиялық мүдделер екінші орынға түсіп қалды, және қалыптасқан жағдайларға байланысты барлығымызға міндетті межелеу мен жеке валюталарымызды енгізу кезеңі арқылы интеграцияға беттеуімізге тура келеді.
Сондықтан да ұлттық валютаны енгізу туралы қабылдаған шешімім – қалыпртасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы", – деді Назарбаев.
Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8:00-де Қазақстан аумағында өз ұлттық валютасы – теңге айналымға шығарылды. Валюта бағамы да белгіленді: 4,75 теңге = 1 доллар немесе 1 теңге = 500 рубль.





15 қараша 2019 ж. 527 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области