Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Статистика департаменті Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің жаңа көрсеткішін атады

Статистика департаменті Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің жаңа көрсеткішін атады

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы қазанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 29 384 теңгені құрады. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы қазанды өткен аймен салыстырғанда 2,2%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%,жемістер мен көкөністерге – 12,7%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 9,4%, нан және жарма өнімдеріне – 7,4%,май және тоң май өнімдеріне–3,5%, қант, шай және дәмдеуіштерге –2,1%, балыққа – 1,8%-ды құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
18 қараша 2019 ж. 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области