Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында жөнделіп жатқан жолдан 21 кемшілік анықталды

Қызылорда облысында жөнделіп жатқан жолдан 21 кемшілік анықталды

Kyzylorda-news.kz. Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары Жалағаш-Жосалы бағытындағы трассаның орташа жөндеу жұмыстарын тексерген.
Қызылорда облысында жөнделіп жатқан облысаралық жолдың 27 шақырымынан 21 кемшілік табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары Жалағаш-Жосалы бағытындағы трассаның орташа жөндеу жұмыстарын тексерген. 700 миллион теңге жұмсалған бұл жолдың беткі жабындысы 5 см болуы тиіс. Бірақ жылжымалы зертхана 1 см-ге жетпейтінін анықтады. Ол аздай, тығыздығы мен тегістігі талапқа сай болмай шыққан. Құрылыс жұмыстары қара күзге дейін созылғасын, салқын асфальт төселуде. «Алайда оның да технологиясы талапқа сай болмай тұр», - дейді мамандар.
 «1 ауысым бітіп, 2 бөлік қосылған жері келмейді. Стандартқа сай 3 метрлік рейкімен анықталады. Ол да келмейді. Асфальттың сапасы өте төмен. Осындай ақаулар бар», - дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағынов.
 
«Жылжымалы зертханамен 10-рет жолға шығып тұрмыз. Жылжымалы зертхананың қорытындысымен 12 кемшілік анықталды. Оның барлығына ұсыныстар беріліп, отырыста қаралып, ол жолдар қайта жөнделетін болып табылды», - дейді СЖҚІА облыстық департаментінің бас маманы Нұғман Жақұдаев.

18 қараша 2019 ж. 252 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области