Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Биыл 17,7 шақырым болатын 19 көшеге және 22 шақырым қалаға қарасты 3 елдімекеннің кіре-беріс жолына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар көшелер пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев мәлімдеді.
Сонымен бірге, қала орталығындағы Тоқмағанбетов және Байтұрсынов көшелеріне алдымен инженерлік коммуникациялық жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде асфальт жабындысы төселуде. Пайдалануға берілетін күн де алыс емес.
Қала әкімі Берік Сәрменбаевтың айтуынша, аталған жұмыстарды маусым айының басында аяқтау жоспарланған екен. Алайда, инженерлік коммуникациялық жүйлерді ауыстыру кезінде қиындықтар туындаған. Сондықтан, құрылыс жұмыстары шілде айының 15 дейін созылады.
Сондай-ақ, Өсербаев және Сағымбаев көшелеріне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Шілде айында конкурс жеңімпазы анықталғаннан кейін, құрылыс жұмыстар басталады.
Ал, Әжіқожа көшесіндегі ауыз су құбырлары толықтай ауыстырылып болғаннан кейін ғана жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.
Айта кету керек, қала аумағындағы асфальт қабаттары бұзылған 51 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
20 маусым 2018 ж. 677 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области