Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 544 ШАҚЫРЫМ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 544 ШАҚЫРЫМ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қызылорда қаласы су құбырларының 75 пайызы жаңартылып, толығымен таза жер асты ауыз суын тұтынып отырған бірден бір қала. Бұл мақсатта соңғы 5 жылдың ішінде қаланың ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 16 млрд. теңгеге жуық қаржы тартылып, 544 шақырым су құбырлары жаңартылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша шаһардың ауыз су және кәріз су жүйелерін қайта жаңғыртуға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен 1 млрд. 584 млн 151 мың теңге қаржы бөлініп, 13 жоба бойынша 17,03 шақырым ауыз су және кәріз су құбырларын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
- Қаламызда жылу желілерін жаңарту жұмыстары да қарқынды. Соңғы 5 жылда қаладағы магистральды жылу желілерін жаңартуға 8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы, күрделі жөндеуден өткізуге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен 2 млрд. 210 млн 450 мың теңге қаржы бөлініп, 8 жоба бойынша 7,433 шақырым жылу құбырларына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді қала әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында Берік Сәрменбаев қаладағы жол құрылысын дамыту барысындағы атқарылған жұмыстарды да тарқатып айтып берді. Оның айтуынша соңғы 5 жылда Қызылорда қаласында жол құрылысын дамытуға 23 млрд. теңгеден астам қаржы тартылып, 500 шақырымға жуық жолдарымыз орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өткен.
- Биылғы жылы осы жұмыстарды жалғастыру бағытында, жол жөндеу жұмыстарына Республикалық, облыстық бюджеттен 1 млрд. 110 млн 219 мың теңге қаржы қаралып, 22 жоба бойынша 39,723 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді Берік Сәрменбаев.
Дегенмен, қала халқының саны жыл сайын жоғары қарқынмен өсіп, тиісінше жаңа тұрғын аудандар мен жаңа көшелер пайда болуда. Сондықтан да жыл сайын қала тұрғындарының сұранысына сәйкес жол сапасын жақсарту, жаңа жол құрылыстарын жүргізу бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

«Kyzylorda-news»
19 маусым 2018 ж. 700 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области