Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада облыс имамдарының аймақтық форумы өтті

Қызылордада облыс имамдарының аймақтық форумы өтті

Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты облыс имамдарының аймақтық форумы өтті.
Аталған форумға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Ершат Оңғаров, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов бастаған қонақтар, облыстағы ауыл, аудан, қаладағы барлық мешіттердің имамдары, сондай-ақ, ардагерлер, дінтану пәнінің мұғалімдері, дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері, теолог мамандар, барлығы 300-ге жуық адам қатысуда.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жақында өткен республикалық Имамдар форумында «Парасаттылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін халықтың санасына сіңіру сауабы мол, абыройлы миссия. Ислам дініндегі мұндай ізгілік құндылықтары еліміздегі мұсылмандар қауымдастығының ынтымағын арттырып отыр» деп атап өткендей, қоғам тыныштығын қамтамасыз ету жолындағы Қазақстан мұсылмандар дін басқармасының бастамасымен көптеген игі істер жасалуда. Бүгінгі шара да соның бір парасы деп санаймыз. Бүгінде дін қызметкерлері жауапкершілігі мол имандылық қызметтерін абыроймен атқарып келе жатқандығын қоғам жақсы сезініп келеді. Сіздер адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, ақтық сапарға шығарып салғанға дейінгі жөн-жоралғылардың дұрыс өтуіне атсалысып ғана қоймай, қоғамның рухани кемелденуіне, парасаттылық пен отансүйгіштікке, білімділік пен мәдениеттілікке, татулық пен бірлікке насихаттап келесіздер. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде қалыптасқан. Дегенмен Елбасының «Біз зайырлы мемлекетпіз деп дінмен айналыспай отыра алмаймыз» деген сөзі бар. Дін, зайырлылық саясатқа араласа бастағанда ашылады. Ал біз адамгершілік тұрғысынан келген кезде зиялылық қағидатын ұстанамыз. Бүгінгі форумда зиялы қауым өкілдерінің де қатысып отырған бірден-бір себебі – осы. Қазіргі таңда қоғамның құндылықтарын насихаттаған кезде ең алдымен бірлігімізді алдыңғы қатарға шығарамыз. Яғни, ұлы даланың құндылықтары мен ислам мәдениеті және өркениеті түйісіп үйлесуі бүгінгі күннің талабы болып отыр. Бұған мемлекет те, дін де тікелей жауапты, міндетті және парызы деп санаймыз», – деді форумда құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.
Ал, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы аймақтық форумның жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқандығына тоқталды.
«Жуырда елордасы Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ республикалық Имамдар форумы өткені баршаңызға белгілі. 500 имам қатысқан бұл ауқымды жиында  үш негізгі құжат қабылданды. Олар – Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бекіткен «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымыдар тізілімі және міндеттері», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» құжаттар. Бұл құжаттардың маңызы мен мәні, ауқымы өте кең. Мәселен, үш құжаттың бірі «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы. Мұнда әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиеті туралы айтылады. Атап айтар болсақ, имандылық, отансүйгіштік, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділдік. Бұл қасиеттер әр адамның алдындағы бағдаршам іспетті. Адамның бойында бұл қасиеттерді бірі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Сондықтан бұл құжат қазіргі уақытта керек дүние. Осы қабылданған құжататрға байланысты 31 қазан күні біз Сыр имамдарының алқалы жиынын өткіздік. Сол жиында форумда қабылданған құжаттарды алқалы жиын барысында талқылап, оны халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жайында сөз қозғадық. Ал, бүгінгі облыс имамдарының дәстүрлі аймақтық форумында осы құжаттарды қамти отырып, кеңінен әңгіме қозғамақпыз. Ғалымдар осы құжаттарға байланысты егжей-тегжейлі баяндайтын болады. Форум соңында облыс халқына үндеу жариялайтын боламыз», - деді ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазіргі таңда аймақта 178 мешіт бар. Осы мешіттердің бесеуінде имамдар нақтыланбаған. Ал, қалған мешіттерде өз имамдары бар. Сонымен қатар бас имамдар мен наиб-имамдар және азаншыларды қосқанда аймақта 250-ден астам діни қызметкер жұмыс істейді.

19 қараша 2019 ж. 378 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области