Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазгидромет: Қарашаның 20-ы күнгі ауа райы болжамы

Қазгидромет: Қарашаның 20-ы күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 20 қараша күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауып, жел күшейсе, ендігі бір аумақтарда бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аумақтарында көктайғақ болады, тұман түсіп, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді, түнде – көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Алматы, Атырау облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің жалдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының кей бөліктерінде бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында бұрқасын болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

20 қараша 2019 ж. 260 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области