Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Байқоңыр Start-Up 3» бизнес-идеялар конкурсы өтті

Қызылордада «Байқоңыр Start-Up 3» бизнес-идеялар конкурсы өтті

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 20 қараша күні Қызылорда қаласында «Жан-Арай» кешенінде облыс әкіміның орынбасары Мұрат Самұратұлы Имандосовтың қатысуымен «Байқоңыр Start-Up 3» бизнес-идеялар конкурсы өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты – 18-29 аралығындағы талантты, әлеуметтік жауапкершіліктері бар, инновациялық қызмет түріне және кәсіпкерлікке ынталы жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Аталған конкурсқа қатысуға Қызылорда қаласы және барлық аудандарынан 100-ге жуық 18-29 аралығындағы жастар ниет білдіріп, конкурстық комиссия іріктеуімен 60 жастар конкурстың қорғау сатысына жіберліген.
Конкурстық комиссия құрамына «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлік палатасы, қаржы институттары өкілдері және жергілікті бизнес-қауымдастық мүшелері қатысты.
Конкурстық комиссия мүшелерінің ортақ шешімімен 60 қатысушының ішінен озық идеяны ұсынған 6 жас жеңімпаз атанды.
«Киноскай - ашық аспан кинотеатры» жобасымен Қызылорда қаласынан қатысқан Сұлтанбек Келжанов І орын иеленіп, дипломмен және 500 мың теңге сыйақымен марапатталды.
Ал «Tinker» спорттық робототехника курсы» жобасымен Қызылорда қаласынан қатысқан Оралбек Абдуллаев пен «Clear-кленингтік орталығы» жобасымен Шиелі ауданынан қатысқан Рауан Сейдахметов ІІ орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздар 300 мың теңге сыйақыға ие болады.
ІІІ орынды «Көше тазалығының сапасын арттыру» жобасы бойынша Қызылорда қаласынан қатысқан Асылбек Әлібек, «Гипсті лепнина» жобасын қорғаған жалағаштық Қайрат Саденов пен  «Мүгедектер арбаларына электр приставкаларын жалға беру» жобасымен Қармақшы ауданынан қатысқан Айшолпан Қайдаулова иеленді. Жүлдегерлерге 100 мың теңге сыйақы табысталды.




20 қараша 2019 ж. 319 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области